Меню

Лебіз

1-940x470

Құрметті халайық, бұл бетте сіздер менің шығармашылығыма байланысты өз сын-пікірлеріңізді, өтініш-лебіздеріңізді жазып қалдыра аласыздар. Алдын-ала рахмет!

Құрметпен: Заттыбек Көпбосынұлы

121 комментарий

  1. ҚОШТАСУ ҚЫЙЫН ҒОЙ .
    Сөзі , әні .
    Жабырқанып Серікбай Маханұлынікі .
    Саған арнап ән салам ,
    Сағындым ғой жан қалқам .
    Көптен бері көрмедік
    Кездесуге шақырам .
    Қайырмасы :
    Өзіңменен кездесу ,
    Бақытым ғой жүздесу .
    Өмір жолын ойласам
    Қыйын болар қоштасу .
    Ай сәулесі аспанда ,
    Нұрын жерге шашқанда .
    Самал есті шуақ боп
    Сен жүргенде қасымда .
    Қайырмасы :
    Алда жатыр бір асу ,
    Әнім болсын сырласу .
    Келші қалқам қасыма
    Қыйын болар қоштасу .
    Өмір сырын толғасам ,
    Жарың болып жалғасам .
    Бір сендік қой жүрегім
    Қалай ғана қоштасам .
    Қайырмасы :
    Мәңгі бірге жүрейік ,
    Жүрек сырын білейік .
    Қош айтысу қыйын ғой
    Махаббатты тербейік .

    1. Ұйқысыз өтіп жатыр небір түндер
      Ұйқысыз өтіп жатыр небір түндер,
      Айға қарап бейнеңді елестетер.
      Сағынышым қойныма симай жатыр,
      Тосушы ем жолдарда сені келер.

      Сағынамын күздің қара суық күнің,
      Сол кездері сені алғаш кездестірдім.
      Келіп едің саябаққа құрбыңменен,
      Шиедей еріндерің дірілдеген.

      Қалып едім сөз таба алмай саған айтар,
      Сөз таба алмай мылқаудай бола қалдым.
      Естелігім қалсын деп саған сыйлар,
      Үнтаспаны дүкеннен сатып алдым.

      Ұзаққа кездесуім созылмады,
      Білемін әңгімеміз жараспады.
      Жол бойы ойланумен үйге қайттым,
      Жүрегім бір өзің деп толғанады…

      Екінші рет бұйырыпты сені көру,
      Ойға келді досымды ерітіп бару.
      Ойламап ем досымды ұнатар деп,
      Аңғалдығым өзіме болды қару.

      Дегенмен де бір-бірімізді қимап едік,
      Осылайша махаббатты қинап едік.
      Ғашықтықты қорапқа теңер болсам,
      Сол қорапқа екеуміз сыймап едік…

      Бір жарым ай сенімен жүргеніме,
      Бір жарым ай сені мен көргеніме.
      Бір жарым ай, сонша ыстық болар ме едің?!
      Келіп қондың қарлығаштай жүрегіме.

      Жүрсен дағы мені сен елемедің,
      Сұлу едің… соншалықты сұлу едің…
      Бұлақтар елестеуші еді күлгеніңде,
      Сылдырлап тастан-тасқа секендеген.

      Үзілді байланысың меніменең,
      Басталды махаббатың досымменең.
      Жүрегіме балтадай қадалады,
      Досымды бірге көру сеніменең…

      Ойламасқа өзіңді сертті бердім,
      Қалмады ендігіде досқа сенім.
      Досымменің жүргеніңе қарамстан,
      Бәрі бір де «мен сені сүйем» дедім…

      Әрине сені ұмыту оңай емес,
      Білемін сол бір уақыт қайта келмес.
      Басқа жанмен өзімді алдасам да,
      Көз алдыма келе бердің сен бір елес…

      Білген едім досымның сол мінезін,
      Қалай ғана соны сен ескермедің.
      Қаншалықты досымды сыйласам да,
      Байқамаппын достығымның үзілгенің.

      Жалғыздықтан қиналып жүрген шақта,
      Құрбыңменен кездестім сол бір бақта.
      Көктемдегі оралған жыл құсындай,
      Оралады жүрекке махаббатта…

      Димаш
      dimanad92@mail.ru

  2. ВАЛЬСТЕРДІҢ КОРОЛІ .
    Сөзі , әні .
    Тебіреніспен . Серікбай Маханұлынікі .

    Жүргенде сая бақта біз сайрандап ,
    Жан аға жүрушедің саз армандап .
    Ойласақ сағынышты сол күндерің
    Ән екен бұлақ болып жатқан қайнап .

    Қайырмасы :
    Жүрегіңмен ән жаздың ,
    Нұрын көріп таңдардың .
    Шәмші аға — ән аға
    Вальстердің королі
    Бұл өм ірде сен ғана .

    Ән арнап туған жерге , белестерге ,
    Сүйсініп риза болдың жерлестерге .
    Сыйладың жүрегіңді қазағыңа
    Қосылып тарихтағы серілерге .

    Қайырмасы :
    Жан аға әнұраның жатыр ойнап ,
    Шарықтап барлық жерде бұлбұл сайрап .
    Тербелді рухыңменен Қазақстаның
    Тәуелсіз елдерімнің күнін тойлап .

    Қайырмасы :

  3. АЛТЫН ШАҢЫРАҚ .

    Көтеріңкі , өрлетіп .
    Сөзі , әні .
    Серікбай Маханұлынікі .
    Көк тәңірге қол создырған Алтын шаңырақ ,
    Бостандықтың жолын аңсап өткен көп қазақ .
    Басын қосты саясында — ел бірлігімен
    Бабалардың рухыменен жанған шам – шырақ .

    Қайырмасы :
    Шаңырағым орнатылған қашаннан ,
    Алтын тағым Отаным боп атанған .
    Бүгін қандай жаңарасың Темірлан
    Гүл бөленіп жер бетіне оранған ,
    Айналайын тыныш өмір заманнан .

    Үш кереге тік көтеріп тұр шаңырақты ,
    Билер сөзі өшпес мәңгі Күн жарқыратты .
    Жеті жарғы — заң бастауы ақ босағаңнан
    Жер киесі Темірланым ән шарықтатты .

    Қайырмасы :
    Көк жүзіне көтерілдің нұр шаңырағым ,
    Саған деген таусылмайды бар махаббатым .
    Кешір мені туған жерім арманым көп қой
    Жүрегімнен соғып жатыр бір тамшы қаным .

    Қайырмасы :

  4. ШЫМКЕНТІМ ВАЛЬСІМ .
    Сөзі , Әні .
    Вальс ырғағы . Серікбай Маханұлынікі

    Шұрайлы жер , елдің көркі Шымкентім ,
    Шырқалады жастар әні вальсім .
    Қандай көркем , еркелеген бұлағың
    Сыңғырлаған Қошқар ата ағысысың .

    Қайырмасы :
    Ғажайып Шымкентім ән қалам ,
    Жүрегім бір сені аңсаған
    Махаббат гүлдерін жинадым
    Ойнатып вальспен мен саған .

    Нұр сәулесін көктен төкті Күн жылжып ,
    Гүл жайнайды бағың қандай тамылжып .
    Қарақат көз – Ару қыздар көркімен
    Таранады Ай нұрымен уылжып .

    Қайырмасы :
    Бабаларым мекен еткен кең дала ,
    Қоныс тойын тербетесің Шым қала .
    Ел бірлігі биіктерден көрінді
    Сенде туған талай ақын — ер дана .

    Қайырмасы :

  5. Зәке ассаламұғалейкум аман есенсіз ба Мен Оралдан жазып отырмын Өнеріңізге тәнтімін сүйіп тыңдаймын кейде той томалақтарда кейбір әндеріңізді айтып жүрем Өзім 2 топтағы мүгедекпін көзім нашар көреді Ал енді сізге бір өтінішім бар маңан балам сіздің бір әніңізді
    интернеттен тауып бере алмады Міне сосын сізге хат жазғызып отырмын Мүмкін болса сол әнді осы почтаға niko_76.kz@mail.ru салып жібересіз бе Алдын ала мың алғыс Ойбай әннің аты ӨМІР КЕРЕМЕТ ІЗГІ ТІЛЕКПЕН НҰРБЕК

  6. Заттыбек аға, ассалаумағалейкум! Сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Әсіресе, жақында шыққан Өмір керемет атты әніңіз ерекше ұнады.
    Мүмкін болса осы әннің минусын берсеңіз, сізгге алғысым шексіз болар еді. Алдын ала рахмет! Сізге денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!

  7. Ассалаумағалайкум Зәке!

    Әндеріңіз қазақ халқының жанына өте жақын.

    Деніңіз сау, отбасыңыз бақытты болсын. Шығармашылық мол табыс тілеймін.

    Ізгі тілекпен,
    Қазақ әндерін түсініп тыңдаушы — Дәулет

  8. ҚОРҚЫТЫП АЖАЛ КЕЛСЕ .
    Жазайын анық жырды бәріңізге ,
    Бергем жоқ туындымды әзір сізге .
    Көңілім отша шарпып жалындайды ,
    Неліктен қаймығамын биіктерге .
    Қорқытып ажал келсе тура бүгін ,
    Өмірдің қалағандай ауыр жүгін .
    Борышым өтелмеген қарап тұрсам ,
    Сондықтан қарызымды айта бергін .
    Бақытым «Бостандықты» көрсемдағы ,
    Жүрегім қуанышпен тұғырдағы .
    Қарасам арың таза аңқылдаған ,
    Қол жетпес асқар биік шыңындағы .
    Таусылмас сағынышым алып ұшқан ,
    Көгімнен көрінеді тыныш жатқан .
    Ағылып жыр кәусары бұлақ болып,
    Бұрқұлдап кешке қарай күнмен батқан .
    Талай рет арманыммен айқасармын ,
    Туралап шын ниетпен жайғасармын .
    Қатардан шашау шыққан сөздер болса .
    Кешіргін оқырманым ойға аламын .

  9. КЕЛ САРБАЗ ӘН САЛАЙЫҚ.
    Сарбаздарбыз ант бердік ар сақтауға ,
    Отан үшін дайынбыз ел қорғауға .
    Шарықтаймыз қыран боп биіктерге
    Бейбіт күнді паш етіп ән салуға .
    Ән салайық кел достар біз тік тұрып ,
    Ұлы күшті бәріміз біріктіріп .
    Қырағы көз , көрінген жорықтардан ,
    Қайтқан кезде сарбаздар біліптұрып.
    Асулардан асамыз әлі талай ,
    Әнді салап басамыз әрі қарай .
    Тек , алға бас , шегінбе намыс қайда ,
    Жібермейік мұлт еткен жауыз қандай .
    Соғыс өртін жоямыз тұтатпауға ,
    Шаңырақты көтеріп құлатпауға .
    Аналарлың көз жасы төгілмесін ,
    Тыңдасын ел Сарбаздар ән салуға .

  10. АРЫС ӨЗЕНІМ .
    Еліме құт береке болған Арыс ,
    Толқының қойнауыңда толған ағыс .
    Еркелік жастық шағым сенде өтті ,
    Саяңда әрбір тасың маған таныс .
    Даласы Оңтүстіктің қандай жазық ,
    Малға бай , шүйгін шөбі балдай азық .
    Арысым , махаббатым – жастар әні
    Шәмшіге сырлас болған айдай анық .
    Арысым жағалауың нұрға тұнып ,
    Арнаңа Бадам жатыр жылға құйып .
    Мөп – мөлдір Боралдайды ілестіріп ,
    Ағыздың зәмзәм суын Сырға жыйып .
    Нәр алып Алатаудан күннің нұры ,
    Көктемде оянады қырдың гүлі .
    Тіршілік еңбекпенен мерейленіп ,
    Арысқа күлімдейді көктің буы .
    ҚҰСТАР ҚАЙТЫП БАРАДЫ .
    Күзге жақын құстар қайтты манурап ,
    Барасыңдар , зәңгір көкті аспандап . Қанаттарың жұбын жазбай тынбастан ,
    Жылы жақка ұшасыңдар армандап .
    Топтарыңмен үлестіріп ән салып ,
    Қиқуланды ажарланып сән болып .
    Бала кезгі сағынышым оралып ,
    Қараймын ғой жолдарыңа ойланып .
    Айталмадым көптен бері іздедім ,
    Сезімімді сұлулыққа бөледім .
    Ұяларыңды көзбен көріп қайтуға ,
    Қайтып қана , барарымды білмедім .
    Қанатым жоқ , кетер едім ілесіп ,
    Әттең – әттең қаламын ба тілдесіп .
    Іздеуменен өткіземін шарқ ұрып ,
    Бакытымды , уақытымды бірлесіп

  11. Ассалмағалейкум Заттыбек аға! Өміріңіз мәнді де, сәнді болсын! Ауылымыздан шыққандықтан ғана емес, өнеріңізді бағалаймыз. Наурыз әніңіздің минусын таба алмай жүрміз, почта арқылы жібересіз бе? Рахмет!

  12. Зәке, Мен аудандық Мәдениет үйінің директорымын, Павлодар облысы. Сізді концертке қалай шақыруға болады?

  13. ТҮРКІСТАН .
    Тарихтарың сыр шертіп ғасырлардан ,
    Көкте күнің Түркістан жарқыраған .
    Ән арнадым рұхсат ет , бас иемін ,
    Тебіренттің рухыңмен асыл бабам .
    Қожа-Ахмет ойын тербеп шарлаған ,
    Болашақтың шамын жағып Түркістан .
    Кемтарларға дер кезінде дем беріп,
    Сая болдың кезі болса шаршаған .
    Түркі-Қазақ атанған жер анасы ,
    Кіші Мекке Түркістан баб қаласы .
    Бір өзіңді пір тұтып табынамын ,
    Шығыстағы Мұсылман астанасы .
    Хан Абылай елің үшін жаралған ,
    Күмбездерің асыл нұрдан нәр алған .
    Түркістаным гүл бақшаңа оранып ,
    Әлем шарға қасиетің таралған .

    Жібек жолын Үндіге жалғастырған ,
    Әмір-Темір қолымен мың жасаған .
    Имандылық Түркістан мекенісің ,
    Тай қазаның бақ болып орнатылған .
    Батырлырың шайқасқанда жауымен ,
    Үш билерің ақылдасты қауыммен .
    Түркістаным атты таңың жаңарып ,
    Егеменді қазақ болып оңымен .
    ІЗДЕСЕҢ МЕНІ .
    Ана тілім сөз қорында байлығың ,
    Ырғағымен ерте енген айбының .
    Құрметтеймін , қадырлеймін өзіңді ,
    Білім берген көл – дария айдының .
    Күй шертеді домбырасы азаттың ,
    Талай жылдар оты жанған тозақтың .
    Атты таңым , шұғаладан жарық боп ,
    Ел жайлауын мақтан етем қазақтың .
    Көк жүзінде жарқырайды жұлдызың ,
    Олар сенің арман еткен ұл – қызың .
    Сөзін тыңдып , көзі көрген ақынға ,
    Шабыт беріп , өлең жолын құрғыздың .
    Егер мені іздесең көктен ізде ,
    Жарқыраған таңдағы нұрдан ізде .
    Жадыратып сәуле шашқан аймаққа ,
    Барлық кезде боламын көппен бізде .
    КЕЛ САРБАЗ ӘН САЛАЙЫҚ.
    Отан үшін дайынбыз ел қорғауға ,
    Сарбаздармыз ант беріп ар сақтауға .
    Қыран құстай шарықтап биіктерге,
    Бейбіт күнді паш етіп ән салуға .
    Ұлы күшті бәріміз біріктіріп ,
    Ән бастайық кел достар біз тік тұрып .
    Қырағы көз , сақ болып жорықтарда ,
    Қайтқан кезде сарбаздар іліктұрып.
    Асулардан асамыз әлі талай ,
    Әнді салып бастаймыз әрі қарай .
    Тек ,алға бас, шегінбе,намыспенен,
    Жібермейміз дұшпанды отқа орай.
    Соғыс өртін жоямыз тұтатпауға ,
    Шаңырақты көтердік құлатпауға .
    Аналарлың көз жасы төгілмесін ,
    Ел тыңдасын Сарбаздар ән салуға .

  14. Айналайын Заттыбек! Әндеріңді сүйсіне тыңдап, кейде қосыла айтып, тойларда билеп жүрміз. Өркенің өсіп, шабытың шарықтай берсін.
    Таяуда жарты ғасырдай көріспеген сыныптастарыммен кездесу болды. Құрбы-достармен, кейбір мұғалімдерімізбен жүздесіп марқайып қалдық. Сол кездесу қуанышына өлең шығарып, ертеректегі бір ән әуенімен айтқан едім. Барлығы ырза болғанымен, өз көңіліме олқылау көрінді. Кездесу қуанышына орай ән әуені көңілді би ырғағына келсе ғой деп армандадым.
    Сазгер-әншілердің ішінде жаныма жақын болған соң, соларды саған жіберіп отырмын. Сөздерін әуенге сәйкестеу қажет болса, әзірмін. Қолайыңа қонымды, орайыңа орынды келіп, әнге түсіп, репетуарыңа қосылса деймін. Орайы келмесе, өкпе жоқ, тек хабарын берсең болғаны.
    Сәлеммен зейнеткер мұғалім Кәкімбек.

  15. Құрдастарым

    Сөзін жазған: Кәкімбек Аюбай

    Алаудай жағылған,
    Мектепке ағылған,
    Жан едік тынымсыз шуласқан.
    Жазылмай тобымыз,
    Жарасып жолымыз,
    Бал дәурен кештік біз дуласқан.

    Қайырмасы:
    Биімен, әнімен,
    Думанды сәнімен
    Жайнатқан жастықты мәңгі нық.
    Балауса қыз болып,
    Бозбала ұл болып
    Жадымда тұрсыңдар жаңғырып.
    Балауса қыз болып,
    Бозбала ұл болып
    Есімде жүрсіңдер2 мәңгілік.
    Оқу да, ойын да,
    Жұмыс та мойында,
    Бәрін біз атқара білуші ек.
    Каникул өтетін
    Жұмыспен кететін,
    Кешкісін сауық қып жүруші ек.

    Қайырмасы:

    Құмартқан білімге
    Студент күнін де
    Сауыққа уақытты табатын.
    Сол шақтар өтсе де,
    Егделік жетсе де,
    Жүректе алаулап жанатын.

    Қайырмасы:

    Бәріміз бірге өскен,
    Бәрін де бір кешкен
    Құрдастар әрқайсың дарасың.
    Ана бол, әке бол,
    Ата бол, әже бол –
    Мен үшін баяғы баласың.

    Қайырмасы:

  16. Зәке ассалаума ғалейкум! Шығармашылығыңызға ризамын! Алған бетіңізден қайтпаңыз! Әндеріңізді күніге тыңдасақ та жалықпаймыз, әр тыңдағандағанда жаңадан тыңдағандай боламыз! Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүре беріңіз! Құдай өміріңізге береке берсін!

  17. Ассалаумагалейкум, Заттыбек ага!
    Енбеккорлык , кенпейилдилик, карапайымдылыгынызга тантимин. Бетке устар улги тутар агамызсыз. Аллахымнын кози тура болып буданда улкен бакытка кенелебериниз, дуга жасап тилеуши ининиз Турарбек.

  18. Сен бала мені ұмыттың ба , өзің айтап едің сенің сөзіңе ән шығадым ефирден беремін деп Өлеңніің аты «Соңғы хат».

  19. МЕН – ДАҒЫ ӨЛЕҢ ЖАЗБАЙМЫН….
    Жеңілдетіп . Өлеңі Мұқағали Мақатаев
    Әні: Серікбай Маханұлы.
    Мен өлеңді жазбаймын біреу үшін,
    Өрнек тағып өмірден өлмеу үшін.
    Жырларымды жазамын жасырмастан,
    Жаралы жүректерді емдеу үшін.

    Қуанамын, өзгелер жыламасын ,
    Зейін қойып кейбіреу, тыңдағасын.
    Өтсем болды арқалап, адамдардың,
    Шаттығымен, қайғысын, мұң – наласын.

    Қуат алып, Абайдың тіл күшінен,
    Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
    Абай болып табынсам бір кісіге,
    Абай болып түңілем бір кісіден.

    Намысымды басқаға бермеу үшін ,
    Надан жанға ойымды бөлмеу үш ін .
    Үлг і жаздым, жастарға жарқыратып
    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *