Меню

Лебіз

1-940x470

Құрметті халайық, бұл бетте сіздер менің шығармашылығыма байланысты өз сын-пікірлеріңізді, өтініш-лебіздеріңізді жазып қалдыра аласыздар. Алдын-ала рахмет!

Құрметпен: Заттыбек Көпбосынұлы

123 комментария

  1. КЕЛ САРБАЗ ӘН САЛАЙЫҚ.
    Отан үшін дайынбыз ел қорғауға ,
    Сарбаздармыз ант беріп ар сақтауға .
    Қыран құстай шарықтап биіктерге,
    Бейбіт күнді паш етіп ән салуға .
    Ұлы күшті бәріміз біріктіріп ,
    Ән бастайық кел достар біз тік тұрып .
    Қырағы көз , сақ болып жорықтарда ,
    Қайтқан кезде сарбаздар іліктұрып.
    Асулардан асамыз әлі талай ,
    Әнді салып бастаймыз әрі қарай .
    Тек ,алға бас, шегінбе,намыспенен,
    Жібермейміз дұшпанды отқа орай.
    Соғыс өртін жоямыз тұтатпауға ,
    Шаңырақты көтердік құлатпауға .
    Аналарлың көз жасы төгілмесін ,
    Ел тыңдасын Сарбаздар ән cayлға .

  2. ТЫРНАЛАР .
    Ұшасыңдар тырналар көкті самғап ,
    Домбыраға күй төгіп шекті жалғап .
    Қос қанатқа арманды ілестіріп
    Ойларымның қиялын кеттің қозғап .

    Самғағанда тізіліп арай таңға ,
    Ұқсайсыңдар самсаған жұлдыздарға .
    Жалғаңдаршы ән салып жер мен көкті
    Кімдер жеткен дариғай армандарға ?

    Көңілімнің әні боп тырауладың ,
    Көк жүзінен еркелеп бір аунадың .
    Елжіретіп талайды тырналарым
    Махаббатқа ең алғаш сұрау салдың .

    Жел ескенде самал боп қанаттарың ,
    Сағынышпен қарайлап ләзаттандым .
    Сенімдерін сезімнің үлестіріп
    Барасыңдар қай жаққа қарақтарым ?

  3. ҚҰРБЫМ – АЙ .
    Шарықтатып . Сөзі . Ишанбек Жауыртаевтікі .
    Әні . Серікбай Маханұлынікі .

    Құрбым – ай жадыратшы қатуланбай ,
    Еркін бір сөйлесейік тату жандай .
    Тыңдашы көңіл күйін , жүрек сырын
    Айтуға жүрмін саған батыл бармай .

    Қайырмасы :

    Бір ағаштың басына ,
    Қонақтаса қос бұлбұл
    Өмір сәні
    Келші құрбым қасыма
    Отырайық айтып сыр
    Келші кәні ,
    Келші кәні !

    Құрбым – ай , шыным осы сырымды ұғын ,
    Өзіңдей менде жаспын сертім мығым .
    Бақытын болашақтың бір күтейік
    Өмірдің ойласаңшы жарастығын .

    Қайырмасы :

  4. ДҮНГЕН ҚЫЗЫ .
    Жоғары екпін . Сөзі , әні .
    Серікбай Маханұлынікі .

    Талай қыздың сұлулығын көргенбіз ,
    Сырың жұмбақ еркелеген Дүнген қыз .
    Жаратылған нәзік сезім мөлдір көз
    Тарбағатай тау елінен келген қыз .

    Қайырмасы :
    Көз жанарың жарқырап ,
    Магниттей боп тартқылап .
    Дүнген қызы қарайсың
    Атқан таңдай алаулап .
    Бір қазақтың тілегін
    Қабыл алғын жүрегін .

    Бақыт таңын ойланамын енді мен ,
    Шырқатайын шарықтатып әнді мен .
    Күн көзінен гүл оранған Дүнген қыз
    Бар арманым бірге болу сенімен .

    Қайырмасы :
    Басылмайсың көңіл шіркін сергімей ,
    Іздесемде табылмайды қыз сендей .
    Жерің жәннәт Тарбағатай даласы
    Қалай жүргем Дүнген қызын мен білмей .

    Қайырмасы :

  5. АУЫЛ АРУЛАРЫ .
    Баяулата Сөзі , әні .
    Серікбай Маханұлынікі .

    Ауыл түні жұлдыздарын шашқандай ,
    Неткен ғажап қыз – келіншек мақпалдай .
    Көрген жандар таңырқайды тамсанып
    Қызғалдақтар ағып келе жатқандай .

    Қайырмасы :
    Көктем күні , қыз – келіншек ауылдың ,
    Құтты болсын , нұрға толған Наурызың .
    Сұлулықта табылады бәріңнен
    Мінезінен аулақ болсаң дауылдың !

    Таң нұрынан қызыл шәлі жамылып ,
    Жарық Айдан сәукелесін тағынып .
    Ару қыздар күлімдейді қол бұлғап
    Махаббатын ақ қайыңнан сағынып .

    Қайырмасы :
    Қабағынан жүрек сырын аңғарар ,
    Бұл қазақтың әйеліне таңғалар .
    Келбетімен ерлеріне нұр құйған
    Асыл жандар сағынышты ән салар .

    Қайырмасы :

  6. АНА ПАРЫЗЫ

    Емін-еркін. Сөзі , әні Серікбай Маханұлынікі

    Есік ашып дүниеге мен келдім,
    Ащы – тұщы өмірімді меңгердім .
    Арқасында жан анашым сен үшін
    Жазираның шоқ гүлдерін теңгердім.

    Қайырмасы:
    Ана жаным саған арнап сәлемін,
    Жиыстырып асыл затын әлемнің.
    Іздестірдім соның бәрі бірақта,
    Әлі күнге, қайран қалып келемін .

    Есейсемде нұр жүзіңді көруге,
    Сағынамын , асығамын шеруге.
    Не айтасың сыйла деген анаңды
    Ұмытпаспын «қағиданы» өтеуге.

    Қайырмасы:

    Бәйек болып жүрушедің аман бол,
    Шаттық өмір, сүргеніңде адам бол.
    Орындағын «парызымды» әр уақыт
    Айтқан сөзің «жұмақ» болды заман бұл.

    Қайырмасы:

    

    С уважением,
    Серикбай Маханов

  7. АУЫЛ ТҮТІНІ
    Ойланып. Сөзі,әні.Серікбай Маханұлынікі.

    Сағынып келсем алыстан,
    Ауылдан түтін жарысқан.
    Будақтап барады жол шегіп
    Көктегі бұлтпен табысқан.
    Қайырмасы:

    Киелі едің сен маған,
    Босағаң берік атанған.
    Қашаннан бері мерейлі
    Меймандос елім аталған.

    Есігін ашып ауылдың,
    Мінезін көрмей дауылдың.
    Туған жер қандай ыстықсың
    Таудағы жауған жаңбырдың.

    Қайырмасы:
    Түтіні көкке өрлеген,
    Намысын бермей тербеген.
    Анамның берген уызын
    Әлдиге салам мен деген.
    Қайырмасы:

    АНА ПАРЫЗЫ
    Емін-еркін. Сөзі , әні Серікбай Маханұлынікі

    Есік ашып дүниеге мен келдім,
    Ащы – тұщы өмірімді меңгердім .
    Арқасында жан анашым сен үшін
    Жазираның шоқ гүлдерін теңгердім.

    Қайырмасы:
    Ана жаным саған арнап сәлемін,
    Жиыстырып асыл затын әлемнің.
    Іздестірдім соның бәрі бірақта,
    Әлі күнге, қайран қалып келемін .

    Есейсемде нұр жүзіңді көруге,
    Сағынамын , асығамын беруге.
    Не айтасың сыйла деген анаңды
    Ұмытпаспын «қағиданы» өтеуге.

    Қайырмасы:
    Бәйек болып жүрушедің аман бол,
    Шаттық өмір, сүргеніңде адам бол.
    Орындағын «парызымды» әр уақыт
    Айтқан сөзің «жұмақ» болды заман бұл.

    Қайырмасы:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.