Меню

Сұхбат

«Ақмаржан» — атауын халық берген ән

Қазіргі таңда қазақтың бірде-бір салтанатты бас қосуы әнші Заттыбек Көпбосынұлының «Ақмаржан» әнінсіз өтпейді. Дәстүрлі «Жар-жар», кейін «Жас жұбайлар», «Той жыры» әндерімен қатар шырқалатын «Ақмаржан» халықтың ерекше ықыласына бөленген ән. Дүниеге келгеніне аса көп уақыт өтпесе де, ән кеңінен танылып, қазақ тойының көркіне айналды.